00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Тоқаев Ташкенттегі Төле би кесенесіне зиярат етті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тоқаев Ташкенттегі Төле би кесенесіне зиярат етті
ашық дереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкент қаласында орналасқан Төле би кесенесіне зиярат етті, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Ташкент қаласындағы көрнекті орындардың бірі «Төле би кесенесі» сәулет кешеніне барды. Бұл жерде қазақтың біртуар перзенті Төле би жерленген. Ташкент қаласының территориясында орналасқан ұлы тұлғаның кесенесі XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.