00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мемлекет басшысы Halyk Bank басшыларын қабылдады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекет басшысы Halyk Bank басшыларын қабылдады
ашық дереккөз

Президент Halyk қаржы тобының өкілдері Александр Павловпен және Үміт Шаяхметовамен кездестідеп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына банктің қазіргі қызметі, даму перспективалары, сондай-ақ отандық бизнеске қолдау көрсету, сондай-ақ Қазақстанның шет мемлекеттермен экономикалық және іскерлік байланыстарын кеңейтуде топтың әлеуетін пайдалану жөніндегі ұсыныстары жөнінде баяндалды.

Банктің экономикадағы нақты секторды несиелендіруіне, цифрлық қызметтерді әзірлеу және енгізу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетіне, сонымен қатар әлеуметтік жобаларды іске асыруына ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы тобының қызметіне оң баға берді. Бизнесті қолдаудың және Қазақстан экономикасын қаржыландыруды ынталандырудың өзектілігі мен стратегиялық маңыздылығын атап өтті.