00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президент Қатар Әмірін футболдан әлем чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтады

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Президент Қатар Әмірін футболдан әлем чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтады
ашық дереккөз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді футболдан әлем чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

@TamimBinHamad, сізді #FIFAWorldCup додасын сәтті өткізулеріңізбен құттықтаймын. Бұл турнир әлемдік футбол тарихында биік рухтың, әділ ойын мен қатарлықтардың ерекше қонақжайлығының белгісі болып қалады -, деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, кеше Қатарда өткен футболдан әлем кубогі мәресіне жетті. Ақтық матчта Аргентина құрамасы пенальти сериясында Франциядан басым түсіп, жеңіске жетті.