Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысы қаралды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметтің кейбір құзыретін әкімдіктер мен министрліктерге беруді тапсырды.
Кеңес барысында әкімшілік реформа Үкіметті артық функциялардан айтарлықтай босатып, орталық мемлекеттік органдарға маңызды шешімдер қабылдауда икемділік, жеделдік пен тәуелсіздік беретіні, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін кеңейтетіні айтылды.
Қазіргі таңда 2022-2023 жылдарға арналған Жол картасының жобасы әзірленді, оған сәйкес қажетті заңның жобасы Мәжіліске ұсынылмақ.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Дархан Жазықбай Өзбекстандағы Стратегиялық реформалар агенттігінің директорымен кездесті
22 қараша, 2024
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
22 қараша, 2024
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды