Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастық мәселесі талқыланды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының жетекшілігімен қазақ-түрік елдерінің штабтық келіссөздері өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Халықаралық әскери ынтымақтастық құрылымдарының басшылары екі елдің қорғаныс министрлері мен бас штаб бастықтарының кездесулерінің қорытындылары бойынша тапсырмалардың іске асырылу барысын, әскери білім беруді, оқу-жаттығуларға қатысуды, түрлі салаларда тәжірибе алмасумен қоса, ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен келешектегі бағыттарын талқылады.
Нәтижесінде 2023 жылға арналған жоспарға қол қойылды. Сапар барысында түрік елінен келген қонақтар Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына да барып қайтты.
Ұқсас жаңалықтар
25 қараша, 2024
Алдағы күндері елімізге Владимир Путин келеді
22 қараша, 2024
Дархан Жазықбай Өзбекстандағы Стратегиялық реформалар агенттігінің директорымен кездесті
22 қараша, 2024
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
22 қараша, 2024
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды