00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Тоқаев Ұлыбританияның жаңа Премьер-министрін құттықтады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тоқаев Ұлыбританияның жаңа Премьер-министрін құттықтады
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Риши Сунакты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Қасым-Жомарт Тоқаев Риши Сунактың көшбасшылық қасиеті мен өзгерістер бағдарламасы Ұлыбританияны қуатты әрі тұрақты етуде шешуші рөл атқаратынына сенім білдірді.

Қазақстан Ұлыбританиямен арадағы берік достық, өзара құрмет пен сенімге негізделген ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Біздің ынтымақтастығымыз саяси және экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға септігін тигізіп, достас мемлекеттеріміздің игілігі жолында одан әрі дамуға жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенемін, – делінген жеделхатта.