00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елшілік Қазақстан азаматтарын Украина аумағынан кетуге шақырды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елшілік Қазақстан азаматтарын Украина аумағынан кетуге шақырды
ашық дереккөз

Қазақстанның Украинадағы елшілігі осы елде тұратын қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Украинаның барлық аумағында азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға шабуылдың күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Елшілігі өз азаматтарын Украинаға барудан бас тартуға, ал елде жүргендерді әуе шабуылы дабылына мұқият мән беруге, өз баспанасында және бомбапанада қалуға шақырады, - делінген хабарламада.

Елшілік, сондай-ақ Қазақстан азаматтарын мүмкіндігінше Украина аумағынан кетуге шақырады.