00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сенат ЕЭК кадрлық құрамына қатысты заң қабылдады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сенат ЕЭК кадрлық құрамына қатысты заң қабылдады
ашық дереккөз

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы болды, деп хабарлады Elorda.info.

Отырыс барысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарап, қабылдады.

Хаттама Еуразиялық экономикалық комиссияның кадрлық құрамын қалыптастыру тетігін нақтылауды көздейді. Қабылданған заң комиссия қызметкерлерінің еңбек шарттарының талаптарын жақсартуға мүмкіндік береді деп сенеміз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Құжатта комиссия департаменттерінің директорларымен және олардың орынбасарларымен комиссия алқасының жұмыс мерзімінен аспайтын мерзімге еңбек шартын жасасу көзделіп отыр. Комиссия қызметкерлері үшін оларды ұзарту мүмкіндігімен еңбек келісімшарттарының 5 жылдық мерзімі, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген қызметкерлер үшін өтпелі ережелер белгіленген.