Астана күні мен Тұңғыш Президент мерекесі қайта қаралуы мүмкін - сенатор
25 ақпан, 2023
Айман Нығмет
ашық дереккөз
Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін тілшілер депутатқа Астана күнін өзгерту қажет пе деген сұрақ қойды.
«Қандай жағдай болса да бізге Астана күні қажет. Неге қайта қарамасқа деп ойлаймын. Мүмкін, Елорда күнін қайта қарап, қандай да бір тарихи даталарға тікелей байланыстыру болашақтың ісі шығар», - деді Ақмарал Әлназарова.
Сондай-ақ журналистер 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге қатысты сұрақ қойды.
«Біз еліміздің демократиялық даму жолын таңдадық, осы жолда жүруіміз керек (...) Бұл мәселе шешілетін болады (1 желтоқсанды мерекелеу – ред.), бәлкім мереке қайта форматталуы мүмкін», - деді сенатор.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Дархан Жазықбай Өзбекстандағы Стратегиялық реформалар агенттігінің директорымен кездесті
22 қараша, 2024
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
22 қараша, 2024
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды