Референдум еліміздің саяси мәдениетінің дамуының белгісі – эксперт
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Референдум маңызды оқиға екенін ескерсек, бұл ретте еліміздің саяси мәдениетінің дамуының белгісі деп айтуға болады. Бізде заңнама бойынша референдумға ерікті түрде қатысу ескерілген. Сондықтан ел халқын референдумға шақырып, жұмылдыру өте маңызды деп білемін, – деді Е. Тоқтаров Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, қазіргі реформалар Президент бастамаларының жалғасы болып отыр. Бұл тұрғыда осы реформалар кешенді бағдарламаға айналып, Конституция деңгейінде дамып келеді.
Жаңа Қазақстан құру жолында саяси жүйеде, оның құқықтық негізінде өзгерістер керек. Біріншіден, азаматтық қоғамның және заң шығарушы органдардың дамуы жағынан қарасақ, түрлі көзқарастардың белсенділігін әрі бәсекелестігін дамытады, – деді сарапшы.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Дархан Жазықбай Өзбекстандағы Стратегиялық реформалар агенттігінің директорымен кездесті
22 қараша, 2024
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
22 қараша, 2024
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды