00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алуа Жолдыбалина: Референдум – бұл өте маңызды саяси оқиға

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алуа Жолдыбалина: Референдум – бұл өте маңызды саяси оқиға
ашық дереккөз

Оның айтуынша, бүгінгі конституциялық өзгерістердің қабылдану-қабылданбауының өзі осы референдумның өтуіне байланысты.

Референдум – бұл өте маңызды үлкен саяси оқиға. Оны халықтың өзі де жақсы түсінуі керек. Халықтың мүддесі, пікірі ескеріледі. Әлемдік статистикаға көз жүгіртсек, соңғы екі жылда батыс елдерінде референдум 149 рет өткізілген, Таяу Шығыста – 93, Азия елдерінде – 30, АҚШ-та – 49. Жалпы, ұлттық референдумдар саны 799 құраған. Яғни, әлемде көптеген мемлекеттерде халықтың пікірін ескере отырып, халықтың дауысының негізінде елдің мүддесіне бағытталған мемлекеттік мәселелер көтеріліп, дауыс беруге салынған. Референдум саяси институт ретінде көптеген елдерде халықтың пікірін ескеруге бағытталған механизм ретінде өте танымал тетік екендігін көрсетіп отыр, - деді А.Жолдыбалина.