00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президент өкілеттіктерінің бір бөлігі мүлдем жойылады – Конституциялық кеңес мүшесі

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент өкілеттіктерінің бір бөлігі мүлдем жойылады – Конституциялық кеңес мүшесі
ашық дереккөз

Президенттің өкілеттіктерінің бір бөлігі мүлдем жойылады. Мысалы, Мемлекет басшысының саяси партиялардағы мүшелігі жойылады. Бұл мәселе Мемлекет басшысының –еліміздің ең жоғары лауазымды тұлғасы, қандай да бір саяси құрылыммен немесе ұйыммен байланысты болмауы тұрғысынан маңызды. Яғни, ол барлық саяси құрылымдар үшін бірдей және қолжетімді болуы керек. Осы тұрғыдан алғанда бұл конституциялық соттың, есеп комитетінің, Орталық сайлау комиссиясының төрағалары мен судьяларына қатысты, - деді Р.Мұқашев.  

Көптеген өзгерістер Парламент пен жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейтуге, заң шығару процесін жетілдіруге қатысты. Бұл тұрғыда Парламенттің екі палатасын құру тәртібі қайта қаралды. Сенаттағы президенттік квота 15-тен 10 депутатқа дейін қысқарады. Оның 5-уін Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынады. Бұл жаңалық жоғарғы палатадағы әртүрлі этникалық топтарға мандаттар береді.

Мәжіліс сайлауында аралас мажоритарлық-бара-бар сайлау жүйесін енгізу туралы шешім қабылданды. Төменгі палатаның 30%-ы бір мандатты сайлау округтері бойынша сайланатын болады. Бұл сайлаушылардың мүдделерін жеткізуге септігін тигізеді. Бұл ретте сайлау алдындағы уәделерін орындамаған жағдайда, азаматтардың өзі сайлаған депутатты кері қайтарып алу құқығы енгізіледі. Оны қолдану өзара жауапкершілік пен сенімге негізделген жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді.