Сенат референдумға қатысты заң жобасын түзетулермен Мәжіліске қайтарды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Сенаторлар «Референдум туралы» заңнан Елбасы туралы норманы алып тастады.
Құжаттың бұрынғы нұсқасы бойынша Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты мәселелер республикалық референдумның нысанасы бола алмайды.
Сенат депутаттары бұл норманы заң жобасынан алып тастауды ұсынды. Түзету қолданыстағы Заңның 3-бабының 2-тармағы туралы болып отыр.
Сенаттың редакциясында бұл норма «мемлекеттің тәуелсіздігін, Республиканың біртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, Республика қызметінің түбегейлі принциптерін өзгерту» мәселелері ғана референдумның нысанасы бола алмайтынын көздейді.
Енді бұл заң жобасын Мәжіліс депутаттары қайта қарайды.
Егер олар келіссе, құжат алдағы уақытта Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Дархан Жазықбай Өзбекстандағы Стратегиялық реформалар агенттігінің директорымен кездесті
22 қараша, 2024
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
22 қараша, 2024
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды