00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда қандай жаңа саяси партиялар пайда болуы мүмкін

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда қандай жаңа саяси партиялар пайда болуы мүмкін
ашық дереккөз

Оның сөзінше, ведомство қазіргі күні 4 партияның құжаттарын тексеріп жатыр.

Бүгінгі күні 4 партияның құжаттарын қарастырып жатырмыз. Бұл – «Ел тірегі», «Халық дербестігі», «Намыс» және «Бәйтерек». «Халық дербестігі» партиясы екінші кезеңге өтті және растайтын құжатын алып, съезін өткізді. Партия құрылтай съезін өткізгеннен кейін 20 000 кандидаттың тізімін ұсынуы керек, - деді Қанат Мусин.

Әділет министрі қазіргі таңда заң бойынша тіркеу мерзімі тоқтатылып, партия мүшелерінің заңға сәйкестігі тексеріліп жатқанын, ал қалған «Ел тірегі», «Намыс» және «Бәйтерек» партиялары әлі бірінші кезеңде екенін айтты.

Құрамында кемінде 1 000 адам болуы тиіс бастамашыл топ мүшелерінің ішінде аты-жөні, тегі немесе әкесінің атымен сәйкес келмейтін ЖСН-ы дұрыс емес тұлғалар анықталған. Өкінішке қарай, басқа партиялардың мүшелерімен қатар қаза тапқан азаматтар да анықталды. Заң бойынша Қазақстан азаматы тек бір саяси партияның мүшесі бола алады. Сол себепті ол басқа партияның құрылуына қатыса алмайды. Бірақ бұл бұзушылықтарды түзетуге болады. Яғни барлық кемшілікті жойғаннан кейін тараптар құжаттарды қайта тапсырып, келесі кезеңдерден өтуге өтініш бере алады, - деп түсіндірді Әділет министрі брифингте.

Ведомство басшысы 2019 жылдан бері саяси партияны тіркеуге 10 бастамашыл топ өтініш білдіргенін атап өтті.