Өзбекстан «Бессмертный полк» акциясынан бас тартады
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бұл туралы Өзбестанның «Миллий тикланиш» демократиялық партиясының жетекшісі Алишер Кадыров мәлімдеді.
Бұл акция – Кеңес Одағы саясатын насихаттаудың құралы, көрші елдің «жұмсақ күші». Біз мұндай шерулерге қарсымыз, – деп жазды Кадыров өзінің Телеграм-арнасында.
Оның айтуынша, адамзаттың фашизмді жеңуіне өзбек халқы да өз үлесін қосты.
Ата-бабаларымыздың бостандық үшін күресте жаулап алушылар мен деструктивті националистерге қарсы қалай соғысқанын ешқашан ұмытпаймыз. Алайда Отан үшін қаза тапқан аталарымыздың фотосуреттерін көшеге алып шығып, бәзбіреулердің саяси құралына айналдырғымыз келмейді. Оның орнына ардагерлердің рухына, әруақтарға Құран бағыштағанымыз дұрыс, – деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Дархан Жазықбай Өзбекстандағы Стратегиялық реформалар агенттігінің директорымен кездесті
22 қараша, 2024
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
22 қараша, 2024
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды