00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

15 мамырда Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

14 мамыр, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
15 мамырда Мәжілістің жалпы отырысы өтеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Депутаттар «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қарайды, деп хабарлады Elorda.info.

«Жол жүрісі туралы» заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске көлік құралдарының жекелеген түрлерінің жүрісін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша түзетулер де екінші оқылымға шығарылады.

Қазақстан Үкіметі мен Қырғыз Министрлер кабинеті арасындағы «Қарасу» және «Ақ-тілек» автожол өткізу пункттері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешеннің қызметін құру және реттеу туралы келісімді ратификациялық заң жобасы да талқыланады.

Сондай-ақ Мәжіліс комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдайды. Олардың қатарында: зияткерлік меншік мәселелері туралы, тауарлардың шығарылған елін анықтау мәселелері туралы, сондай-ақ ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив істері салаларындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау туралы заң жобалары, сонымен қатар Қытай және Өзбекстанмен бірқатар үкіметаралық келісімдерді ратификациялау жобалары бар.