00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Қасіретті қаңтар» Тәуелсіздік жылдарындағы ең ауыр сынақ болды – Президент

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Қасіретті қаңтар» Тәуелсіздік жылдарындағы ең ауыр сынақ болды – Президент
ашық дереккөз

Қаңтардың алғашқы күндерінде Қазақстан салмақты сілкіністі бастан өткерді. Біз конституциялық тәртіпті, мемлекет негіздерін, елдің тұтастығын, халық бірлігін бұзуға және сайып келгенде, билікті басып алуға бағытталған, мұқият жоспарланған шабуылға тап болдық, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, ел азаматтарының ұйымшылдығының, ынтымағының, батылдығының, саналылығының арқасында мемлекеттің күйреуін болдырмай, қазіргіден де көп қантөгіске жол берілмеген.

«Қасіретті қаңтар» біз үшін Тәуелсіздік жылдарындағы ең ауыр сынақ болды. Біз қоғамның кемелдігі мен мемлекеттің ауқаттылығы сынағын сәтті тапсырдық. Бірақ біз осы оқиғалардың бүкіл себептері мен салдарын терең талдауымыз керек. Бастан кешкен трагедиядан қажетті сабақтардың бәрін алуымыз керек, – деді Президент.