«50 мың теңгеге өмір сүру мүмкін емес»: Президент жағдайды шұғыл өзгертуді тапсырды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Тоқаев ұлттық табыс бойынша 2020 жылы бизнес ең жоғары үлеске ие екенін, ол 61,5 пайыз болатынын мәлімдеді. Салықтың үлесі 7,3 пайызды құраса, қазақстандықтардың жалақысы үштен бір бөлігіне де жетпейді.
Бұл – өте аз. Мысалы, Ресейде осындай экономика болғанына қарамастан, жалақы 46,7 пайыз болады, яғни бізден 1,5 есе көп. Ұлттық табысты бөлудің айқын теңгерімсіздігі байқалады әрі әділдік жағынан мәселе бар.
Халықаралық сарапшылар, соның ішінде KPMG, 162 адамға байлықтың тең жартысы тиесілі екенін растайды. Ал халықтың жартысында кіріс 50 мың теңгеден аспайды. Бұл жылына 1300 доллардан сәл асады. Мұндай табысқа өмір сүру мүмкін емес, жағдайды шұғыл түрде өзгерту керек, - деді Президент бизнес өкілдерімен кездесуде.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Дархан Жазықбай Өзбекстандағы Стратегиялық реформалар агенттігінің директорымен кездесті
22 қараша, 2024
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
22 қараша, 2024
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды