АҚШ Қазақстан Үкіметіне алғыс білдірді
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
АҚШ Қазақстан Үкіметіне 12 қаңтарда АҚШ консулдығының кейбір қызметкерін, АҚШ азаматтарын және басқа да шетел азаматтарын Алматыдан уақытша эвакуациялауды қолдағаны үшін алғыс білдіреді. Қазақстан әрқашан Америка құрама штаттарының сенімді досы болған. Біз қазақстандықтардың табандылығына және осы дағдарыстан шығатынына сенеміз, - делінген АҚШ елшілігінің хабарламасында.
Сондай-ақ АҚШ Қазақстанның конституциялық институттарын да толық қолдайды. Бұл туралы АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 6 қаңтарда Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге айтқан болатын.
Қызметкерлеріміз жағдай жақсарғанда Алматыға оралады деп үміттенеміз, - деді елшіліктегілер.
Ұқсас жаңалықтар
16 қыркүйек, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның ірі бизнес өкілдерімен кездесті
16 қыркүйек, 2024
Қазақстан мен Германия арасында бірлескен декларация қабылданды
16 қыркүйек, 2024
Президент: Германия – біздің Еуропадағы, тіпті жаһандағы негізгі серіктесіміз
16 қыркүйек, 2024
Сенатта референдумға дайындық барысы талқыланды