00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеу жасайды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеу жасайды
ашық дереккөз

«Хабар 24» телеарнасының хабарлауынша, бүгін түскі уақытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жағдайға тоқталады. Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы мәлім еткен.

Үндеу республикалық телеарналардан көрсетіледі.

Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 7:00-де Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Президент Әкімшілігінің, Қауіпсіздік Кеңесінің және күштік құрылымдар басшыларының қатысуымен кеңес өткізді. Жиын барысында еліміздегі қазіргі ахуал, сондай-ақ лаңкестікке қарсы іс-қимылдардың барысы мен өңірлердегі жағдай қарастырылды.