00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар енді депутат бола алады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ерекше қажеттіліктері бар адамдар енді депутат бола алады
ашық дереккөз

"Заң жобасының басты мақсаты – биліктің өкілді тармағына әйелдер мен жастармен қатар ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың пікірлерін есепке алу және белсенді жұмысқа, мемлекеттің тыныс-тіршілігіне тарту. Комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын", - деді мәжілісмен Арман Қожахметов.

Айта кетейік, қазір әйелдер мен жастарға (29 жасқа дейін) арналған 30% квота бар. 25 жасқа толған, республика аумағында соңғы он жыл тұрақты тұрып жатқан Қазақстан азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. 30 жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар адам Сенат депутаты бола алады.