00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сенатор 115 миллион доллармен зымыранның залалы жойылмайтынын ескертті

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сенатор 115 миллион доллармен зымыранның залалы жойылмайтынын ескертті
ашық дереккөз

«Байқоңыр қаласы мен ғарыш кешені Ресейге ұзақ жылдарға жалға берілген. Ел бюджетіне осыдан 115 миллион доллар түсіп отырады. Өкінішке қарай бұл қаржыдан жергілікті Байқоңыр қаласы, Төретам, Ақай сияқты ғарыш айлағына жақын орналасқан елді мекендердің халқы рахат көріп отыр деп айта алмаймыз», - деді сенатор.

Оның айтуынша, соңғы 15-20 жылдың ішінде осы аймақтағы тұрғындар арасында қан тамырлары аурулары көбейген. Бала туатын жастағы әйелдердің 60 пайызы қаназдықпен ауырады. Шала туған сәбилердің саны да көбейіп барады. Бұған кезінде аса улы отын – гептилмен ұшатын «Протон» зымырандары көп әсер еткен.

«Осы кезге дейін Қазақстан аумағына төгілген мыңдаған тонна гептилдің тұрғындарға, қоршаған ортаға тигізген әсері туралы жан-жақты зерттелген жоқ. Бұл – біздің тиісті министрліктер тарапынан жіберілген үлкен жауапсыздық», - деп қынжылыс білдірді Мұрат Бақтиярұлы.

Оның айтуынша, жалға беруден түсетін қаржының бір бөлігі жергілікті тұрғындардың емдеу-сауықтыру орындарында денсаулығын жақсартуға беріліп отыруы керек.

«Әрбір зымыран ұша салысымен кемінде 4-5 күн бойы ауа райы бұзылып, қатты жел тұрады. Ол жел оңтүстүгі Жаңақорған, солтүстігі Аралдан асып, Ырғызға дейін барады. Көктем айларында ылғалды болған жерлерде жақсы шыққан шөпті және жерді осы үздіксіз соққан жел кептіріп жібереді. Бұл мал мен егін шаруашылығына зардабын тигізіп жатқан қалыпты құбылысқа айналды», - деді депутат.

Сол себепті ол қазақстандықтардың өтініші бойынша зымырандарды Байқоңырдан көктем айларында ұшырмауды сұрады.