Елордада ҚХА-ның 30 жылдығына арналған марапат табысталды


Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде бұл құрылым елімізде татулық пен өзара түсіністікті нығайтуда баға жетпес үлес қосып келеді. Ел көлемінде мерейтойға арналған түрлі іс-шаралар өтуде, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бүгін елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысының атынан «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалін Астана қалалық мәслихатының V және VI шақырылымдарының депутаты, Қазақстан Республикасының Құрметті теміржолшысы Зейнолла Шибкеновке табыстады.
«Зейнолла Рахымұлы бүгінде елорданың қоғамдық өміріне белсенді атсалысып келеді. Астана қалалық мәслихатының депутаттары атынан ол кісіге зор денсаулық, қажымас қайрат пен сарқылмас жігер тіледік», - деп жазды Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден.



