«Бұл – жай ғана әдемі сөздер емес»: Мұхаммед Болысбек ҚХА сессиясы туралы пікір білдірді

«Бұл – жай ғана әдемі сөздер емес»: Мұхаммед Болысбек ҚХА сессиясы туралы пікір білдірді
Фото: Мұхаммед Болысбектің жеке парақшасынан

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Президенттің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтті. Осыған қатысқан AMANAT партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында  пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында азаматтардың тілінің, дәстүрінің, ділінің алуандығына қарамай сыйласа білуі, бірін-бірі құрметтеуі Қазақстанның тұрақты, тәуелсіз һәм мықты мемлекет болып қалыптасуына оң ықпал еткеніне тоқталды. Әлемде нешетүрлі шиеленіске әкелетін этникалық алуантүрлілік бізде қазақстандық қоғамның жалпыұлттық игілігіне айналды. Бұл – жай ғана әдемі сөздер емес, бұл – уақыт сынынан өткен тәжірибе және біздің азаматтарымыздың күнделікті еңбегі», - деді атқарушы хатшы.

Сондай-ақ ол бірлік идеясын ілгерілету бойынша жұмыстар атқарылатынын айтты.

«Біз үшін келісім туралы айту ғана емес, оны отбасыларда, ұжымдарда, қауымдастықтарда нығайту бұрынғыдан да маңызды. AMANAT партиясы осы қағидаттарды толық қолдайды және  әлеуметтік бастамалар, қоғамдық жобалар, азаматтармен диалог және бірлік идеясын ілгерілетуді  іске асыру бойынша дәйекті жұмыс істейді. Қасым-Жомарт Кемелұлы өзара келісімі жоқ қоғамда бірлік те, болашақ та жоқ екенін айтып өтті. Азаматтардың бір-біріне деген сыйластығы, құрметі, жауапкершілігі болса ғана қуатты Қазақстан құруға және дамытуға болатынына сенімдімін», - деді Мұхаммед Болысбек.