Мемлекет басшысы Франция Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда
Француз тарапының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың қарқынды өрбіп келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай-ақ президенттер Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы қарсаңында халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.
Ұқсас жаңалықтар

7 қазан, 2025
Президент Габаладағы Конгресс-орталыққа барды

3 қазан, 2025
Президент алдағы күндері Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барады

3 қазан, 2025
Мемлекет басшысы ОПЕК бас хатшысы Хайтам әл-Гаисты қабылдады

2 қазан, 2025
Президент Бейжіңде жасанды интеллект бойынша өткен халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен әңгімелесті