Жалға алған пәтерін қиратып кеткен: желі қолданушыларының жағасын ұстатты

Бүгін, 17:41
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views51
Жалға алған пәтерін қиратып кеткен: желі қолданушыларының жағасын ұстатты
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде әйел адам Алматыда жалға беріп жатқан пәтерін тұрғындар жанжалдасып, тас-талқанын шығарып кеткені туралы айтып, айқай-шу естілгенде ара түсіп, полиция шақыртпаған көршілеріне ренішін білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қазақстанда тұрамыз, қазақпыз деп айтамыз ғой. Мына жайға таңғалып отырмын. Пәтерімді жалдап жатқан қыз бен жігіт ұрсысқан. Аз ғана кикілжің болса ештеңе емес қой, жігіт үйдің ішіндегі заттарды тарсылдатып сындырып, тас-талқан еткен. Газ плитасы, тоңазытқыштың ішіндегілерді жерге шашқан, қабырғаның бәрі бүлінген. Жиһаз, люстра – барлық заттың сау тамтығы қалмаған. Енді түгел жөндеуден бөлек, жиһаздарды қалпына келтіру керекАйналайын, қазағым-ау, «көршілерге не болды?» деп келсеңдер болатын еді ғой. Шымкентте көршілердің айқайлаған даусы шықса, бірден жәрдем береді. Алматының адамдарына таңғалдым. Өздері келмесе, полиция шақырса да болар еді ғой. Енді бүкіл дүниені қалпына келтіру оңай емес», - деді ол.

Пәтер иесінің бұл сөзіне оқырмандар әрқилы пікір қалдырды.

«Осы жынданса, өшін заттан алатын адамдардарды түсінбеймін», «Қызбен төбелескен бе, үймен бе?», «Сіздің қиратқан адамды кінәламай, көршілеріңізді сөз қылып отырғаныңыз қызық екен», «Не шықса да, Алматыдан шығады жамандықтың бәрі», «Алматыда өсек қуаып жүретін уақыт жоқ, Шымкент әуестіктен келетін болар», «Қасақана өзгенің мүлкін бүлдіру» деп сотқа беріп, іс көтертіп, ақшасын қайтарып алу қажет. Адвокатпен ақылдасыңыз» деп жазды оқырмандар.
 

@maraljolaeva

 

♬ оригинальный звук - maraljolaeva