00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Өз бақшасында қарасора өсірген елорда тұрғыны ұсталды

Өз бақшасында қарасора өсірген елорда тұрғыны ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласы Сарыарқа ауданы ПБ-ның учаскелік инспекторы өзінің әкімшілік аумағын аралау барысында тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтаған, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Полицейлер бау-бақша учаскесін тексеру нәтижесінде ерекше иісі бар жасыл өсімдіктің өсіп тұрғанын көрген. 

Ер адам құрамында есірткі бар өсімдікті бақшаға отырғызып, мұқият қарап, су құйып, ерекше күтіммен қарағаны белгілі болған. Тексере келе полиция қызметкерлері барлығы 17 түп бұтаны тәркілеген. Одан әрі үй аумағында орналасқан шаруашылық құрылыстарын тексеру барысында қапқа оралған өсімдіктердің кепкен бұталары анықталып, олар да алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес бұл өсімдік қарасора екені анықталды. Өсімдіктің жалпы салмағы 2 келіден астам,- деп жазды дереккөз

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.