Қытай азаматына ірі көлемде айыппұл салынды
21 шілде, 2023
Елорда ақпарат
фото: Оңалхан Өнерхан
Алматы – Көкшетау бағытындағы әуе рейсі бортында болған Қытай азаматына айыппұл салынды, деп хабарлады Elorda.info.
Ол әуе бортында темекі шеккен. Полицейлер әкімшілік құқық бұзушының ҚХР-ның 48 жастағы азаматы екенін анықтады.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшақ ұшып келгеннен кейін Qazaq Air әуекомпаниясының өкілдері құқық бұзған жолаушыны Көкшетау қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне тапсырған.
Аталған факт бойынша шетел азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігімен 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды