«Талғардан көшу керек»: Қаржаубай Нұрымовты «хуторлықтар» ұрып кеткені рас па

Бүгін, 11:13
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Талғардан көшу керек»: Қаржаубай Нұрымовты «хуторлықтар» ұрып кеткені рас па
фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты «хуторлықтар» ұрып кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Онда Шерзаттың әкесі ауруханада жатқаны айтылған. 

«Қаржаубай больницаға түсіп қалыпты. Хуторскийлер кеше ұрып, видеоға түсіріп, таратып жіберген»,- деп жазылған мәліметте. 

Алайда Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Шекеев бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

«Қазіргі таңда Қаржаубайға қатысты әлеуметтік желіде шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттар тарап жатыр. Аллаға шүкір, Қаржаубай аман-есен, ешкім оған зиян келтірген жоқ. Сондықтан мұндай ақпаратқа сене бермеңіздер.Сонымен қатар әлеуметтік желіде шындыққа сай келмейтін басқа да ақпараттар тарап жатыр. Біз ол бойынша да жақын арада түсініктеме беретін боламыз»,- деді Мейірман Шекеев.

Желі қолданушылары Қаржаубай Нұрымовтың отбасына саулық тілеп жатыр. 

«Қаржаубай да жанұясы да ауыр сынақтан өтті, аман болсын!», «Жалған болғанына қуаныштымыз», «Талғардан көшу керек», «Өтірік ақпарат үшін айыппұл салу керек», «Шынайы ақпаратқа сену қажет»,- деп жазуда олар.