Талғардағы төтенше жағдай: ұрланған қыздың тілі 8 жерден тігілді

Бүгін, 13:17
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views78
Талғардағы төтенше жағдай: ұрланған қыздың тілі 8 жерден тігілді
Фото: freepik.com

Талғардағы оқиға кезінде жарақат алған кішкентай қызға ота жасалып, тілі сегіз тұсынан тігілді. Бұл туралы адвокат Гаухар Сариева Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Балаға операция жасалды, дәрігерлер тіліне сегіз тігіс салды. Қылмыскер бүлдіршінмен бірге көлік апатына ұшырағанда, жарақаттар сол кезде болған. Ол қызға қол көтерген жоқ. Қыздың тірі қалғаны – үлкен бақыт, ол қандайда бір тылсымның күшімен аман қалды», – деп жазды Сариева.

Адвокаттың айтуынша, бүлдіршіннің анасы – медбике. Қиын сәтте ол көршісінің үйінде болып, онкологиялық науқасқа дәрі тамшылатып жатқан.

«Ол үйде болмағанына шүкір. Егер қылмыскер оны сол жерде көргенде, не боларын елестетудің өзі қиын», – деді Сариева.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ТКҚО қызметкері ер адамды атып, оның кішкентай қызын ұрлап кеткені туралы ақпарат тараған еді. Арнайы жасақ дер кезінде операция жүргізіп, баланы аман-есен құтқарып, анасымен қауыштырды. Күдікті ұсталды.

Тергеу мәліметінше, күдікті мен жәбірленушінің анасы бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Жанжал кезінде ол әйелдің бауырына мылтықпен оқ атып, ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Осыдан кейін қаскөй қызды ұрлап, жасырынбақ болды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты кісі өлтіру және бала ұрлау деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды.