Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адам қамауға алынды

8 қыркүйек, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
views242
Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адам қамауға алынды
фото: видеодан алынған кадр/t.me/saryagashinform

Әлеуметтік желіде Түркістан облысында ер адамның қарияға балағат сөздер айтып, ұрып-соққан видеосы тарады. Бұл жағдай желі қолданушыларының наразылығын тудырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Осы оқиғаға қатысты Түркістан облыстық полициясы түсініктеме берді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілмейді», - делінген хабарламада.