Құтқарушылар Есіл өзеніне түсіп кеткен көлікті алып шықты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин
Ақмола облысы Жақсы ауданы Алғабас ауылының маңында Есіл өзеніне көлік суға батып кеткен, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Белгілі болғандай, көліктің қол тежегіші іске қосылмағандықтан көлік өздігінен жүріп кеткен.
«Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, суға батқан көлікті сүңгуір тауып алды. Көлікті шаруа қожалығының техникасына тіркеп, өзеннен шығарып, иесіне тапсырды», - делінген хабарламада.

ТЖМ азаматтарды көлікті дұрыс пайдаланып, абай болуға шақырады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 13:18
Елімізде кәмелетке толмағандарға қауіп төндіретін «Дайвинчик танысу» Telegram-арнасы бұғатталады
Бүгін, 12:22
Шымкент қаласында Nazira Gold қаржы пирамидасы бойынша сот үкімі шықты
29 қазан, 2025
«ҰБТ тапсыруға көмектесемін»: Павлодарда 1 млн теңгені алаяқтықпен алған күдікті ұсталды
29 қазан, 2025
Құтқарушылар Алматы тауларында адасқан туристерді эвакуациялады
