Шымкенттегі бас шырша өртенді (ВИДЕО)

Фото: gov.kz
Шымкентте «Астана» алаңында жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімі кезінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алды. Соның салдарынан шыршаның 0,2 шаршы метр аумағы жанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілікте тұрған қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында өрт 4 минут ішінде оқшауланып, толықтай сөндірілді», - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.
ТЖМ жаңа жылдық мерекелермен байланысты іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:03
Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

Бүгін, 16:46
Таразда заңсыз жабдықты пайдаланған стоматология қызметін тоқтатты

Бүгін, 14:01
БҚО-да 10 адамды сан соқтырған күдікті ұсталды

Бүгін, 09:35
Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, үш адам көз жұмды