Шымкентте 28 млн теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды
23 қараша, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Оңалхан Өнерхан
Шымкентте «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полицейлер Lexus 470 автокөлігін тоқтатты, деп хабарлады Elorda.info.
«Қорғау» қосымшасы аталған жүргізушінің 28 млн теңге өтелмеген қарызы бар екені туралы мәлім етті. Тәртіп сақшылары тиісті шара қолдану үшін сот орындашыларын шақырды.
Ер адам екінші дәрежелі банктердің біріне 27 млн 500 мың теңге қарыз екені және 500 мың теңге өтелмеген салығы бар екені анықталды.
Борышкерге төленетін төлемдер туралы ескертіліп, көлік айыптұраққа қамалды.
Айта кетейік, қала тұрғыны қарызын толық қайтарғаннан кейін ғана темір тұлпарын ала алады.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды