СҚО-да өз қызын зорлаған әке өмір бойына сотталды

Бүгін, 11:48
Айман Нығмет Айман Нығмет
СҚО-да өз қызын зорлаған әке өмір бойына сотталды
фото: freepik.com

Солтүстік Қазақстан облысында өзінің сегіз жастағы қызына зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған 29 жастағы ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz 7152.kz-ке сілтеме жасап.

Сот 2024 жылдың маусымында сотталушы сегіз жасар қыздың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын анықтады.

«Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, фотосуреттерімен және сараптамалардың қорытындыларымен белгіленген»,- деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, прокурор, заңды өкіл және кәмелетке толмағанның өкілі сотталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал айыпталушы мен оның қорғаушылары айыптаумен келіспей, оны ақтауды өтінген.

«ҚК-тің  121-бабының 4-бөлігінің санкциясы тек өмір бойына бас бостандығынан айыруды қарастырады. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сотталушы ҚК-тің 121 - бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп судья Ерлан Нұршарыпов үкімді оқып берді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.