Елімізде қандас мәртебесін ұзарту тәртібі жеңілдетілді

Бүгін, 09:01
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views85
Елімізде қандас мәртебесін ұзарту тәртібі жеңілдетілді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстанда елге оралған қандастардың бейімделу тиімділігін арттыру және өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар шара жүзеге асырылып жатыр.

 

- Биыл тарихи отанына 11 012 этникалық қазақ оралып, қандас мәртебесін алды. Тәуелсіздік алғалы 1 млн 159,1 мың этникалық қазақ көшіп келген. 2025 жылғы 1 қазанға дейінгі дерек бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 6 431 адамға жетті (58,4%). Оның ішінде кәмелетке толмағандар – 3 607 (32,8%), зейнеткерлер – 974 (8,8%) бар. Қандастардың бейімделу тиімділігін арттыру және өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар шара жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, қандас мәртебесін ұзарту тәртібі жеңілдетілді, өңірлерде қандастарды жұмыспен қамту және бейімдеу жөніндегі бағдарламалар бекітілді. Сонымен қатар Қазақстанға келу, тұру және интеграциялау рәсімін жеңілдетуге бағытталған «Ата жолы» картасының иелерін ынталандыру шаралары әзірленіп жатыр, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.