Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін, 09:30
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
views54
Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Біз еліңізді араб әлеміндегі және Солтүстік Африкадағы сенімді серіктестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз. Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне кәміл сенемін, – делінген құттықтау жеделхатында.