Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректорын қабылдады
 
                            Фото: Ақорда
                            Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкуновпен кездесу өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы ММХҚИ-дің халықаралық қатынастар саласы бойынша білікті мамандарды даярлаудағы беделін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында ММХҚИ филиалының ашылуын құптады. Қазір мұнда 100 студент білім алуда.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей академиялық қауымдастықтарының нәтижелі ықпалдастыққа ұмтылысы екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
                                 
                                                
                                                    Бүгін, 17:51
                                                
                                            Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті
                                    
                                                                            
                                             
                                                
                                                    Бүгін, 16:06
                                                
                                            Қасым-Жомарт Тоқаев Queen’s University Belfast президенті және вице-канцлерін қабылдады
                                    
                                                                            
                                             
                                                
                                                    Бүгін, 15:36
                                                
                                            Президент Woosong білім беру қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ким Сонг Кёнгты қабылдады
                                    
                                                                            
                                             
                                                
                                                    Бүгін, 15:07
                                                
                                            Қасым-Жомарт Тоқаев МИФИ ректоры Владимир Шевченкомен кездесті
                                    
                                                                     Нұрдәулет Кәкіш
                                    Нұрдәулет Кәкіш
                                
 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                 
                                 
                                 
                                 
                                 
                                 
                                 
                                 
                                