Прокурорлар кәсіпкерлердің пайдасына 107 млн теңге өндіріп берді
Петропавл қаласының прокуратурасы мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлердің құқықтарын өрескел бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлады Elorda.info Жемқорлықты тергеу қорының телеграмм арнасына сілтеме жасап
Мәселен, құқық бұзушылық мерзімі өтіп кеткеніне қарамастан мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру туралы заңнаманы бұзғаны үшiн 34 кәсiпкерлiк субъектiсi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған. Петропавл қаласы прокуратурасының қадағалау қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалардың заңсыз шешімдерінің күші жойылып, нәтижесінде кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.
Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласқан мемлекеттік органдардың екі лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері прокуратура 98 кәсіпкердің құқығын қорғап, олардың пайдасына 107 миллионнан астам теңге өндірген. Сонымен қатар, 35 миллион теңгеге мемлекеттік сатып алуды тоқтатқан,-делінген дереккөз таратқан мәліметте.