Қостанайда қымбат көлікті айдап кеткен күдіктілер ұсталды

Фото: polisia.kz
ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері Қостанай қаласының тұрғынына тиесілі 2022 жылы шығарылған Toyota Land Cruiser 300 маркалы автокөлікті айдап әкеткен екі күдіктіні ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Келтірілген шығын 50 миллион теңге деп бағаланып отыр. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ұрланған көлік Қарағанды облысындағы Ново-Долинка кенті аумағынан табылды.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

19 қыркүйек, 2025
Ақтөбе облысында полицейлер мал ұрлығына күдіктілерді қылмыс үстінде ұстады

19 қыркүйек, 2025
«Заң және тәртіп»: елордада үйінде есірткі өсірген ер адам ұсталды

19 қыркүйек, 2025
Астанада ұлттық және діни алауыздықты қоздырған 11 азамат сотталды

19 қыркүйек, 2025
Қызылордада аса ірі көлемде алаяқтық жасағандар сотталды