Ұлытау облысында мектеп бухгалтері 28 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

Бүгін, 16:46
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views66
Ұлытау облысында мектеп бухгалтері 28 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды
Фото: freepik.com

Сәтбаев қаласында музыка мектебінің бухгалтері 28 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 5 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп Elordainfo.kz Ұлытау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Жезқазған қалалық соты Сәтбаев қаласы білім бөліміне қарасты №2 балалар музыка мектебінің бухгалтерін 28 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп таныды.

«Сот тергеуі барысында мемлекеттік айыптаушы 2024 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде ол өзіне заңсыз түрде артық жалақы тағайындап отырғанын дәлелдеді. Сондай-ақ бухгалтер мекемеде іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға жалақы есептеп отырғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Сот үкімімен оған 5 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және дәл осы мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.