«Кеудесіне шампур тыққан»: Алматы облысында мектеп бітіру кешінде оқушы көз жұмды

26 мамыр, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Кеудесіне шампур тыққан»: Алматы облысында мектеп бітіру кешінде оқушы көз жұмды
фото: Оңалхан Өнерхан

Алматы облысы Қаскелең қаласында мектеп бітіру кеші қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Белгілі болғандай, ата-аналар балаларға кеш үшін коттедж жалдап берген. Отырыс кезінде сыныптастар арасында жанжал туындаған. Сол кезде сыныптасы өз құрдасының сол жақ кеуде тұсына кәуап пісіретін шампур тығып алған. 

Жәбірленуші сол жерде көз жұмды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті деп танылған жәбірленушінің сыныптасы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

«Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын жан-жақты зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр»,- делінген хабарламада. 

Сонымен қатар полиция тарапынан білім басқармасына өз құзыреті шеңберінде шаралар қабылдау үшін тиісті ұсыныс берілді.