Кәсіпкерлерді бопсалап келген күдікті Ресейден экстрадицияланды

19 ақпан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Кәсіпкерлерді бопсалап келген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Фото: видеодан скрин

Жамбыл облысында кәсіпкерлер мен тұрғындарды бопсалап келген күдікті Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, сотталғандардан құралған бұл топ 2022-2023 жылдар аралығында Жамбыл облысының кәсіпкерлері мен тұрғындарына күш қолданып, бопсалау, қарызды өндіріп алу және қорғаншылық көрсетумен айналысқан.

«Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі және мүшелері қазіргі таңда әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеу жарияланған.

2024 жылдың тамыз айында ол Ресей Федерациясының Амур облысында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған», - делінген хабарламада.