Көлік министрлігі «Аэрофлот» әуе компаниясына қатысты жағдайды түсіндірді


Бүгін «Аэрофлот» компаниясының ақпараттық жүйесінде техникалық ақау болды. SU1962/1963 «Мәскеу – Астана – Мәскеу» рейсі техникалық себептерге байланысты орындалмаған, деп хабарлады Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
«Аэрофлот» әуе компаниясының мәліметінше, бүгін компанияның ақпараттық жүйесінде техникалық ақау болды. Компания өкілдері бұл ақау тек Ресей ішінде орындалатын ішкі әуе рейстерін реттейтін ішкі IT-жүйелерге ғана қатысты екенін хабарлады.
Аталған техникалық ақау халықаралық рейстерге, соның ішінде Қазақстан бағытындағы рейстерге әсер етпейді. Қазақстанға және Қазақстаннан орындалатын рейстер қолданыстағы кестеге сәйкес жүзеге асырылып жатыр, рейстерді тоқтату жоспарланбаған.
Сонымен қатар SU1962/1963 «Мәскеу – Астана – Мәскеу» рейсі техникалық себептерге байланысты орындалмаған.
«Барлық жолаушыларға хабарлама жіберілді, тасымалдау SU1914/1915 рейсімен жүзеге асырылады. Рейстің мәртебесі өзгерген жағдайда барлық қызмет қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұсынылады. Компания барлық жолаушыға рейстердің мәртебесін алдын ала тексеріп отыруды ұсынады», - делінген хабарламада.
Министрлік «Аэрофлот» әуе компаниясының өкілдерімен жедел кеңес өткізді, оның барысында жолаушыларға алдын ала ақпарат беру және тиісті қызметтер көрсету қажеттігі атап өтілді.



