Көкшетауда 22 жастағы жігітті некесін қиған күні өлтіріп кеткен
Қайғылы оқиға 22 жастағы жігіттің неке қию рәсімі өткен күні болған. Бұл туралы Sinegor.kz басылымына марқұмның туыстары айтып берген, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл оқиғаға қатысты Ақмола облысының полиция департаменті пікір білдірді.
«12 қарашада Көкшетаудағы көңіл көтеру орындарының бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғынын өлтіріп кеткен. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сонымен қатар бұл оқиғаға қатысы бар барлық адам ұсталды. Алты адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Аталған фактілер бойынша мұқият және объективті тергеу жүргізіледі. Тергеу барысы басшылықтың бақылауында», - деді Ақмола облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бахтияр Утекин.