Халықаралық іздеуде болған қазақстандық Мысырда ұсталды

25 шілде, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Халықаралық іздеуде болған қазақстандық Мысырда ұсталды
Фото: видеодан скрин

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Мысыр астанасы Каир қаласында халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азамат ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Күдіктіні криминалдық полиция қызметкерлері Шымкент қаласына жеткізді.

2023 жылы ер адам басқа адамдармен сөз байласып, жәбірленушілердің атына автокөліктерді несиеге рәсімдеп, кейін оларды үшінші тұлғаларға сатқан. Осы бойынша полицияға 105 адам арызданған. Келтірілген жалпы материалдық шығын 1,5 миллиард теңгеден асты.

«Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды: 190-баптың 4-бөлігі – аса ірі көлемде жасалған алаяқтық; 262-баптың 1-бөлігі – ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу; 217-баптың 1-бөлігі – қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету», - делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жалғасуда.