00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елордалық ломбардтан 45 миллион теңге ұрлап кеткен бір топ шетелдік ұсталды

24 желтоқсан, 2024
Зарина Сәрсенбайқызы Зарина Сәрсенбайқызы
Елордалық ломбардтан 45 миллион теңге ұрлап кеткен бір топ шетелдік ұсталды
фото: Polisia.kz

Астанада полиция алтын ұрлағандарды ұстады. Тергеу барысында бес адамнан тұратын топ қылмысты алдын ала мұқият жоспарлағаны анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қаскөйлер ломбардтың кілтін алып, қызметкердің түскі үзіліске шыққан сәтін күткен. Одан соң олар ішке кіріп, жалпы құны 45 миллион теңге болатын 654 алтын бұйымды, сондай-ақ кассадан бір жарым миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен.

Күдіктілер оқиға орнынан қашып, қаладан ізін суытып, елдің батыс аймағына бет алған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктілерді Орал қаласындағы үйлердің бірінің ауласында ұстады. Күдіктілердің басқа елдің азаматтары екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта олар қамауда. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.