00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада трансформатордан 30 метрге жуық мыс кабельді ұрлап кеткендер ұсталды

Елордада трансформатордан 30 метрге жуық мыс кабельді ұрлап кеткендер ұсталды
Оңалхан Өнерхан

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Байқоңыр ауданының жедел уәкілдері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен астаналық екі жасөспірімді анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу барысында белгілі болғаны, жастар Ақжол көшесінде орналасқан ЖШС мекемесінің трансформаторына келіп, құлпын бұзып ішке кірген.

Қаскүнемдер 30 метрге жуық мыс кабелін алып шығып, оқиға орнынан іздерін суытқан. Осылайша 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Кәмелетке толмаған екеуі ұрланған кабельді сатып үлгерген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жасөспірімдермен заңды өкілдерінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.