00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Елордада Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы қаржы жымқырды деген күдікке ілінді
фото: Ratel.kz

Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы мен мердігер ұйым өкілдеріне қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

2016 жылы Астана күні мерекесіне орай салынған «Күн» («Есіл өзеніндегі жарық-иллюминациялық және от шоуы») субырқағының құрылысы кезінде тендер ойнатылмай, тікелей келісімшарт жасалған.

Субұрқақ жобалық құжаттамасыз және мемлекеттік сараптамадан өтпей салынған.

Құрылыс барысында техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін сапасыз материалдар қолданылған.

Соның салдарынан, нысан 2017 жылдан бастап жұмыс істемей, қазір апатты жағдайда тұр.

 Ұрланған қаражаттың көлемі 1 млрд теңгеден асып отыр.

«Күдікті, Астана қаласының «Мәдениет басқармасы» ММ-нің бұрынғы басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу аясында оның мүлкіне тыйым салынды. Оның ішінде 3 коммерциялық нысан, 2 автотұрақ орны және Астана қаласындағы премиум санаттағы пәтер. Аталған іс бойынша күдіктілердің мүлкіне жалпы сомасы 572 миллион теңгеден астам сомаға шектеу қойылды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.