Бишімбаев ісі: Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілікті


Бүгін Ақмола облысы Степногор қалалық сотында бұған дейін Салтанат Нүкенованың қазасына байланысты сотталған Бақытжан Байжановтың жаза мерзімін амнистияға байланысты қысқарту туралы өтініші қаралды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақмола облыстық сотына сілтеме жасап.
Бақытжан Байжанов 2024 жылғы 13 мамырда мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттың үкімімен Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.
Сотталушы Байжановтың өтініші қанағаттандырылды. Оның сот үкімімен өндірілген мәжбүрлі төлем мен іс жүргізу шығындары толық көлемде өтелген.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты амнистия туралы» Заңға сәйкес, сотталған Б.-ның өтелмеген жаза мерзімі 1/3-ге қысқартылып, түпкілікті өтеуге тиіс мерзім 1 жыл 4 ай 17 күн бас бостандығынан айыру болып белгіленді. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ»,- делінген хабарламада.



